Мәдениет

Тоғызыншы маусымды тәмамдады

«Астана Балет» театры тоғызыншы маусымын бас дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен «Орфей мен Эвридика» атты бір актілі балетінің премьерасымен аяқтады. Спектакльді хореограф Кристина Полин қойды.

[smartslider3 slider=3456]

 «Орфей мен Эвридика» балеті сазды әуенімен, жүрек пернесін шертер психологизм әрі музыка мен бидің үндестігімен ерекшеленеді. Қойылым Сергей Прокофьев, Эдуард Уильям Элгар, Георг Фридрих Гендель, Дэвидсон Джаконелло сынды композиторлардың әсем әуендерімен сүйе­мелденген. Костюмер Деннис Пешкенің сахналық костюмдерінде осы мифтің символикасы көрініс тапса, сценограф Отто Бубеничектің декорациясында тауға ұқсайтын біркелкі емес, айналы геометриялық кескіндер қолданылды.

Дегенмен, ең бастысы, хореография мен астаналық театр әртістерінің шеберлігі. Орфейдің рөлін жетекші солист Сүндет Сұлтанов пен бірінші солист Уэсли Карвальо, муза әрі Орфейдің сүйіктісін жетекші солист Айнұр Әбілғазина мен Татьяна Тен, ал ортанқол жазушы Аристейдің бейнесін дарынды бишілер Ерқанат Ермағамбет пен Эльдар Сәрсембаев сомдады.

 «Биылғы театр маусымы гастрольдік сапарлар жағынан да, түрлі жобалар жағынан да өте мазмұнды болды. Премьералық қойылымдар, сонымен қатар, репертуардағы үздік спектакльдер көрермен назарына ұсынылды. «Орфей мен Эвридика» балетінің премьерасы да ойдағыдай өтті. Көрермен зор ықыласын, қошеметін білдірді. Театр сүйер қауымның арқасында біздің де тынысымыз ашылып, тың дүниелер шығаруға талпынып, шабытқа бөленіп, сүйікті көрермендерімізбен қайта қауышу үшін алдағы театр маусымын асыға күтетін боламыз» деп түйді театр директоры Александр Совостьянов.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button