Қала тіршілігі

Той қазанын қайнатты

Ұлыстың ұлы күнi – халықтық наурыз мерекесiн елордадағы №55 орта мектеп ұжымы дәстүрге сай тойлатты.
Шуақты көктеммен бiрге «Наурыз-думан» атты ойын-сауық кешiн ұйымдастырған мекемеде қазақы тойдың қазаны асылып, ән мен жырдан шашу шашылды.
Әз-Наурызға «армысың» айтқан ағайын салт-дәстүрге сай қыз ұзатып, келiн түсiрiп, думандатты. Мектептегi өнерлi өрендер «Құда түсу» атты әзiл-сықақ қойылым көрсетiп, көрермендердi күлкiге қарқ еттi.
Жастардың тағы бiр легi алтыбақан айналасына жиналып, ән думандатты.

Д.ТЕМIРОВА,
№55 орта мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button