Қала мен Сала

ТОЙДЫҢ ТӘТТІСІ ОСЫНДА

IMG_8045

Астана күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі шаралардың бірі – елорда конди­терлерінің фестивалі. Тойдың ең «тәтті» думаны 4 шілдеде сағат 10:00-де Конгресс холл сарайында өтеді. Биылғы мерекеде кондитерлік өнім шығаратын жиырмадан астам кәсіпорын қала тұрғындары мен қонақтарына тәтті үлестірмек.

Фестиваль Астанадағы конди­терлік кәсіпорындар ахуалын көтеруге, олардың арасындағы бәсекелестікті арттыруға бағыт­тал­ған. Бұл шара – аспаз шеберлер үшін өздерінің тәтті туындылары мен таңдаулы тағамдарын кең ауқымда таныстыруға және тәттіқұмар жандарға дәмді мере­кені бастан өткеруге таптырмас мүмкіндік.

Фестиваль қатысушылары Астана тұрғындары мен қонақ­та­рына «Астана – сүйік­ті қалам!» аталымында сан түрлі торттар ұсынады. Ұйымдас­ты­ру­шы­лардың пікірінше, фес­ти­валь қоғамдық тамақтану сала­сын­да мамандардың кәсіби дең­гейін арттыруға сеп болмақ. Шара аясында көрме-жәрмеңке өткізіліп, дайындалған тағам­дар­дан дәм үлестіріледі.

Кіру – тегін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button