Жаңалықтар

ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАР ЖЫЛЫ

Биылғы есеп беру кездесуін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай деп ашты. Расында, 15 жыл ішінде Астана халықаралық сахнада мызғымас абырой мен берік беделге қол жеткізіп, өз болмысына сай атақ-даңқын баян етті.

Өткен жылы күллі түркі әлемінің мәдени астанасы атанған елордамыз бұл мәртебелі атақты абыроймен алып шықты. Айтулы­ жылда қалада ұзын саны жиырмаға жуық аса ірі халықаралық, алты жүзден аса респуб­ли­ка­лық мәдени іс-шаралар өтіпті. Ұлты бөлек болса да, тілі жақын, жері бөлек болса да, діні жақын, салты мен дәстүрі де ұқсас түркі жұрты Астана төрінде бас түйістірді.

Түбі бір түркі халқының бірігуін аңсаған ата-бабаларымыздың арман тілектері Астана көгінде қалықтаған жыл болды бұл.

Ал, 2012 жылдың 22 қарашасы барша қазақ­стан­дықтар үшін ақ түйенің қарны жарыл­ған күн ретінде есте қалды.

Дәл осы күні төрткүл дүниені төрінде тоғыс­тыратын «ЭКСПО» халықаралық көр­ме­сі қазақ жерінде өтетін болып келісілді. Париж қаласында өткен Халықаралық көр­ме­лер бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясында қатысушы 161 мемлекеттің 103-і Аста­наны қолдап, дауыс берді.

Осылайша, ақтық бәсекеде Бельгиямен «белдескен» Қазақстанның бәсі биік түсті.

Ендігі меже – «ЭКСПО – 2017»

Кешеге дейін күллі жұрт елордада өткен ЕҚЫҰ Саммиті, VІІ Қысқы Азия ойындары,­ ИКҰ форумы, V Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­ларының съезі сынды маңызды оқи­ға­ларға куә болған. Халықаралық салмағы бар жиындар мен басқосулардың алаңына айналған Астана сәтін салса, енді «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін қабылдамақ.

Халықаралық көрмелер бюросының талап­тарына сай көрме өткiзушi қаланың әлеуетi үш ай көлемiнде кемі 5 млн адамды қа­былдауға дәрмендi болуы тиiс.

Талапқа сай шаһардың оңтүстік-шығыс бөлігінде халықаралық шараны өткізуге арналған тұтастай жаңа қалашық тұрғызу жоспарлануда. Бұл мақсатқа Астана қаласы әкімдігі 124 гектар жер бөлді.

Ол коммуникациялық жағынан қолайлы меди­ци­на­лық кластердің солтүстігінде, Орын­бор, №27, №30 және Қабанбай батыр көше­ле­рінің шекараларында орналасқан. «ЭКСПО-ның» орталық көрмесі Назарбаев Университеті мен «Абу Даби Плаза» кешені аралығындағы желілік парктің қиы­лыс­қан тұсында орналасады.

Қазір ЭКСПО қалашығының жобасына халықаралық конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазын осы жылдың қазанында Халықаралық көрмелер бюросы бекітеді. Ал, келесі жылдың басында құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Көрме әлемді қазақстандықтардың көп ұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өне­рі­мен, дәстүрімен және қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашып, еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы танымалдылығы мен тартымдылығын одан сайын арттыра түсетін болады.

«Астана – тартымды қала»

Бұл тіркес өткен жылы танымал «National Geographic» журналының бетінде жарияланды. Мақала авторы қазақтың бас қаласын «Болашақ жері» және «Жетістіктер іздес­ті­ру­ге тартымды қала» деп бағалапты.

Себебі, шетелдік сарапшылардың пікі­рін­ше, Астана әлемдегі жедел дамушы, бола­ша­ғы­ жарқын қалалар қатарында.

Бүгінгі күні елордада әлемнің жетпіс жеті мемлекетінен жүз мыңнан астам шетелдік тұрып жатыр. Дау-жанжалсыз, қақтығыссыз.

Тағы бір шетелдік беделді агенттіктің бірі­ 140 қаланың арасында Астанаға «Өмір сүру­дің қолайлы деңгейі» мәртебесін берген болатын. Расында, бүгінде өз болашағын тек­ осы­ қаламен ғана байланыстыратын жан­дар қатары күннен күнге артып келеді. ТМД аумағындағы ең жас қала саналатын Астана бүгінде халық саны жөнінен Орта Азияның бiрқатар елдерiндегi астаналарды өкшелеп келедi.

Шығыстың ғұлама ғалымы әл Фарабидің «Адам сияқты шаһардың да тамырын жал­ға­ған қаны, бойына біткен жаны болады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, шаруасын ірі қылатын да – шаһар халқы» деген сөзі бар.

2013 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бой­ын­ша шаһар халқы 780 мың 880 адамға жетіпті.

Елордада күніне шамамен 60-қа жуық сәби дүние есігін ашады екен. Өткен жылы қала­да 21 мың 266 сәби дүниеге келіпті. Бұл демографиялық өсімнің 2011 жылмен­ салыс­тыр­ғанда 8,2 пайызға артқанын көрсетеді.

Елорданың қалыптасу жылдарынан бастап бүгінгі уақытқа дейін халық саны 6 есеге артты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша­ некеге тіркелгендер санының да 15,1 пайызға көбейгені байқалады.

Ста­тис­ти­калық деректерге сүйенсек, Ас­та­­на­ хал­қы­ның 46,6 пайызы Алматы ауда­нын­­­да, 13 пайыздан астамы Есіл ауданында, ал­ 40 пайыздайы Сарыарқа ауданында тұ­ра­­ды.

Кіріс көбейді. Табыс артты

2012 жылы жергілікті бюджет 105 880,4 млн теңгемен толықты.

Қаланың жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсіп, 2 трлн 400 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіп өнімі 196 млрд теңгені құрады.

Ин­вес­ти­ция­ 616 млрд теңгеге жетті. Негіз­гі капиталға түсетін инвестиция көлемі бой­­ын­ша Астана республикалық үлестің 11,4 пайызын құрады.

Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастық аясы да кеңеюде.

Сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-қазанында 7 823,1 млн АҚШ долларын құраған.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде өткен жылы 1 трлн 52 млрд теңгенің өнімі өндіріліпті.

Әлеуметтік саланың әлеуеті

Өткен жылы астаналықтардың орташа жалақы мөлшері 141 мың теңгеге жетті.

Ақшалай әлеуметтік көмектің түрлері жер­гі­лікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктері мен мұқтаж азаматтардың санына қарай төленіп келеді. Мәселен, 18 жасқа дейінгі ба­ла­лар­ға мем­ле­кет­тік жәрдемақы 25 253,5­ мың теңгені құрады. Мемлекеттік атаулы­ әлеуметтік көмек – 18 875,7 мың тең­ге,­ тұр­ғын­ үй жәрдемақысы – 118 842,9 мың­ теңге, Ұлы Отан соғысының қаты­су­шы­­ла­­ры­ мен мүгедектеріне және оларға теңес­­ті­рілген тұлғаларға – 117 145,2 мың теңге, мүгедектерге 357 400,9 мың теңге кө­ле­мін­де­гі әлеуметтік көмек көрсетілген.
2005-2010 жылдар аралығында Мем­ле­кет­тік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Ас­­та­нада 600 мың шаршы метрге жуық 10 мың­дай пәтер салынды.

Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жыл­ды­ғын­да аталған бағдарлама бойынша жалпы ауданы 206 мың шаршы метр 3 496 пәтерден тұратын 16 тұрғын үй кешені құрылысын бітіріп, осылайша, аталған бағдарламаны то­лық­тай аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Мыңжылдық» аллеясы­ бой­ында тұрғын үй кешені құрылысын жүр­гі­зу жоспарланып отыр. Онда жалпы ауданы 8,5 млн ш.м болатын 40 жоба қолға алынады.

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі

Тағы да статистиканы сөйлетсек: бүгінгі таңда қала бойынша балабақша жасындағы 110 мыңнан астам бала бар екен. Оның тек 32 мыңы ғана мектепке дейінгі мекемедегі орынмен қамтылып отыр. Ал 68 мыңнан астамы балабақша кезегінде тұр.

Өткен жылы 1776 орындық 8 балабақша пайдалануға берілген. Одан өзге 19 мектепке дейінгі мекеме құрылыстары жүргізіліп жатыр. Олардың оны ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмекші.

«Балапан» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жыл ішінде 19 мың орындық 100-ден астам балабақша елдің игілігіне берілген болатын. Алайда, алдында айтып өткеніміздей, бала туу мен елордаға қоныс аударушылар санының артуына байланысты балабақша мәселесі күн тәртібінен әзірге түсе қойған жоқ.

Ал, орта білім беру саласы жайында сөз етер болсақ, бізде орта біліммен қамту көр­сет­кі­ші жүз пайызды құрайды деуге болады. Осыдан 15 жыл бұрын қалада 37 мектеп бол­са,­ бү­гін­де олардың саны 82-ге жетті. Он­ың­ жетпісі мемлекеттік жалпы білім беру меке­ме­лері екенін айта кету керек.

Өткен жылы қалада 4 300 орындық 5 мек­теп­ пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Бытығай» тұрғын үй кешенінің ауданында, «Железнодорожный» кентінде және сол жағалаудағы №19 көшенің оңтүстік ауданында жалпы сыйымдылығы 3 500 орындық 3 мектептің құрылысы жүр­гі­зі­ліп жатыр. Алдағы жылы 7 200 орындық 6 мектептің құрылысын бастау да жоспарда тұр. Бұл мектептердегі үш кезекпен оқу про­бле­­масын еңсеруге септігін тигізеді.

Астана қаласы бойынша 33 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйымдар мен 4 филиал жұмыс істейді. Мұнда 31 мың 219 студент білім алып жүр.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары 1441 оқытушы мен 138 өндірістік оқыту шеберлерін жұмыспен қамтып отыр.
408 оқытушы мен 13 өндірістік оқыту шебері жоғары санатты.

Ал, қаладағы14 жоғары оқу орнында жалпы саны 48 мың 606 студент оқиды. Сондай-ақ, осы оқу орындарында қызмет ететін 4668 оқытушының 10,1 пайызының – ғылым док­то­­ры, 32,2 пайызының – ғылым кандидаты, 3,7 пайызының – философия докторы секілді ғылыми дәрежесі, 6,7 пайызының – профессор, 15,3 пайызының доцент атағы бар.

Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі

Елорданың денсаулық саласына қатысты мынадай қызықты дерек бар.

2012 жылдың 12 айында елордалық «жедел жәрдемге» астаналықтардан 433 мың қоңырау келіп түсіпті. Демек, Астанадағы денсаулық сақшыларының қызметі қауырт деген сөз бұл.

Жедел медициналық жәрдем қызметкер­ле­рі жыл бойы 396 мың шақыртуға барыпты. Шақыртулардың үштен бірі немесе 134 мың 605 қоңырау балалар науқасына, ал, әрбір он бесінші қоңырау кеңес алуға қатысты болған.

Десе де, елордалықтардың ауруға шал­ды­ғу­ дең­гейі­ мен қатерлі дерттен көз жұму­ көр­сет­кіші соңғы жылдары біршама төмендеп келеді. Айталық, қатерлі ісікке шалдығушылар көрсеткіші 3,2 пайызға, одан көз жұматындар саны 0,5 пайызға азайған.

2011 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 175 адамның қатерлі ісікке шалдыққаны анық­талса, бұл көрсеткіш 2012 жылы 169-ға тө­мен­депті. Жүрек аурулары салдарынан бо­ла­­тын өлім көрсеткіші де 49 пайызға азайған.

Құрт ауруының құрсауына ілінгендер саны да 19 пайызға кеміген.

15 жыл бұрын астаналықтың орташа өмір­ сү­ру­ ұзақтығы 67 жас болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 73 жасқа жеткен екен. Рес­пуб­ли­калық деңгейде алып қарасақ, біздің қала тұрғындарының біршама ұзақ жасайтынын байқауға болады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша ана өлімі 4 есеге төмендеп, сәбилердің шетінеуі 12 пайызға азайыпты. Мұндай көрсеткішті бағындыруымыздың бір себебі әйелдердің жоғары мамандандырылған медициналық көмекке деген қолжетімділігінің арқасы бол­са керек. Таяуда қаладағы №5 емханада­ ме­ди­ци­налық қызмет көрсету сапасын жақсартып, емханадағы кезекті қысқарту мақсатында элек­трон­ды кезек жүйесі қолданысқа енгі­зіл­ді. Мұнда 5 тіркеу терезесі жұмыс істейді. Олардың біреуі – анықтама қызметі, қалған төртеуі мамандар мен диагностикалық зерттеу­лерге жазылуға арналған.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 9 қалалық емхананың жалпы күш-қуаты 300 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген. Ал қалада тір­кел­меген азаматтарды есепке алмағанның өзінде 800 мың адам тұрып жатыр. Осындай жағдайға қарап қаладағы емханалар екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатқанын айтуға болады.

Жүктемені азайту үшін бүгінде тағы да үш емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге 250 орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, 250 орындық дә­рі­гер­лік­-әл­еу­­мет­тік оң­ал­ту ор­та­лы­ғы салы­нып­ жатыр. Таяу­ ара­да Тубер­ку­­лез­­ге қар­сы диспансер­ ғи­ма­ра­ты­ның құрылысы бас­талмақшы.

Жұмыссыздық жүгенделді

2009 жылдан бері Аста­­нада 60 мыңнан ас­там­­ жұ­мыс орны ашы­лып­ты.­ Көші-қон көрсет­кіш­те­рі­­не жүгіне отырып, жыл сайын елордаға келетін 40 мыңға жуық адамның төрттен бірі ғана еңбекке жарамды еке­нін ескерсек, онда олардың әр­қайсысының тұрақты түрде кеңейіп отырған астаналық ең­бек­ нарығынан жұмыс табуына мүм­кін­дігі бар деуіміз толықтай негізді.

Жалпы, қала тұрғындары ара­сын­да жұ­мыс­­сыз­дық 5,6 пайыздан аспайды, оның ішін­де жастар ара­сын­дағы жұмыссыздық 9,2 пай­ыз­­ға тең.
Соңғы төрт жылдан бері Ас­та­на­дағы жұмыс­сыз­дық деңгейі республика бойынша ең­ тө­менгі көр­сет­кіш­тер­дің­ бірі болып отыр.­
«Бизнестің жол картасы – 2020»­ бағ­­дар­­ла­­ма­­сы жүзеге асы­­ры­ла бастағалы жалпы сома­сы­ 33,8 млрд теңге болатын 166 жоба ма­құл­да­ныпты.

Шағын және орта бизнес субъ­ек­ті­ле­рі­нің арқасында жұмыс­пен қамтылғандар саны 9 пайызға артқан.

Мәселен, 2007 жылы кәсіп­кер­лік секторында 128 мың адам қызмет етсе, бүгінде олардың саны 165 мың адамды құрап отыр.­ Демек, әрбір бесінші аста­на­лық кәсіпкерлік салада еңбек етеді деген сөз.

P.S. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз­ды қазақ ежелден жыл басы санайды.

Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын­ бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі саналады. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді екен. Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне көз жіберсек, астаналықтар жаңа күнді толайым табыстармен­ қарсы алғалы отыр.

Шынар ДОСАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button