ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

Төлем қабілетін анықтау аяқталды

7cec5cf9f0f773e8911e5cef420

Кеше Астанада Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі (ҚТҚЖБ) желісі бойынша пәтер сатып алушылардың төлем қабілетін бағалау аяқталды. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚТҚЖБ желісі бойынша Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысында көп пәтерлі тұрғын үй салынып бітті.

Бағдарламаға қатысушылар 12 қыркүйектен 1 қазанға дейін сатып алушылар пулы мен тұрғын үйді жалға алушылардың төлем қабілеттілігіне қайта бағалау жүргізу үшін банкке құжаттарын өткізуге тиіс болатын.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк төлем қабілеттілігін растаған бағдарлама қатысушыларының тізімін аптасына бір рет Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына жолдап отырады. Аталған ведомство сатып алу-сату келісімін жасап, оны Астана қаласының Әділет департаментінде тіркеу үшін төлем қабілеттілігін растаған бағдарлама қатысушыларын шақырады. Келісімдер Әділет департаментінде тіркелген соң несиелеу процедурасынан өткізу үшін банкке жіберіледі.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы қолға алынған. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған мына тұрғын үйлерді биыл тапсыру көзделіп отыр: Сауран және №24 көшелердің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (1-лот), Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (2-лот), Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (3-лот).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button