Жаңалықтар

Төлемақыңа сыйлық ұтып ал

15 қазаннан бастап www.egov.kz электрондық порталы арқылы коммуналдық қызметтерді төлеген алғашқы 50 адам 3G модемін сыйлыққа алады.

«ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл акцияға портал арқылы коммуналдық қызметтерді пайдаланатын Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының тұрғындары қатыса алады.
Ескерерлігі, коммуналдық қызметтерге www.egov.kz арқылы электрондық төлем жасағанда электрондық сандық қолтаңба талап етілмейді.
Сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеу рәсімдері туралы нақтырақ ақпаратты 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button