1 Наурыз - Алғыс айту күні

Толыққанды азамат сезіндік

Алғыс айту – экономикасы қиын жағдайда жүріп, жер аударылған жылдары қонақжайлылық танытып, шыдамдылық көрсетіп, босып келген халықтарды құшақ жайып қарсы алған қазақ халқына жасаған шексіз құрметіміздің бірі.

[smartslider3 slider=2279]

Осы жылдар ішінде миллиондаған қарапайым халық, түрлі ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударылды. Қазақтардың көмегі оларға қауіп төндіретін жазалау шараларына қарамастан, жер аударылған халықтың аман қалуына көмектесті, олар уақыт өте келе қазақ қоғамына сіңісіп, экономикада белгілі бір орындарды иеленіп, елдің толыққанды азаматы болды. Қазір әрбір этнос өзінің мәдени орталықтарын құрып, ана тілін үйренуге, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттауға мүмкіндік алды, бұл біртұтас ұлтымызға бірегей артықшылық береді. Бірбірін қолдау және жауап беру қазіргі заманғы тұтас қоғамды қалыптастырудың негізі болды. Кәрістер Қазақстанда ежелден басқа ұлт өкілдерімен достық пен тату-тәтті өмір сүріп, қуанышы мен қайғысын бөлісіп, республиканың байырғы халқына, барша көп ұлтты халқына құрметпен қараған. Кең пейілділігі, ақкөңіл жүрегі, қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін құтты қазақ жеріне және қазақ халқына тағзым.

Роза ПАК, «Нұр-Сұлтан қаласының корейлер  этномәдени бірлестігі»

қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button