Денсаулық

Томографиямен жабдықталды

Қаламыздағы №2 көпсалалы қалалық аурухана жаңа жоғары технологиялық жабдық – мультиспиралды компьютерлік томографиямен жабдықталды. Бұл – адамның ішкі ағзаларының жағдайы туралы тез ақпарат алуға мүмкіндік беретін заманауи және дәл диагностикалық құрал.

[smartslider3 slider=733]

Жабдықтың артықшылығы – оны пайдалану кезінде науқастар мен қызметкерлерге радиациялық әсерінің аз болатындығы. Сәйкесінше, зерттеу уақыты қысқарып, аппараттың өткізу қабілеті артады. «Қазір біздің еліміз медициналық көмек көрсету сапасын арттыра отырып, науқасқа бағдарланған қағидатты ұстануға ұмтылуда. Диагностикадан өту, мамандардың ұсыныстары мен қорытындыларын бір жерден алу өте ыңғайлы. Мұндай ыңғайлылық науқас үшін де, дәрігерлер үшін де қарастырылған. Жаңа құрылғы кеуде қуысы ауруларын ерте кезеңде диагностикалауға мүмкіндік береді» деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button