«ТОП — 100 студенті» республикалық байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы мәлімледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.
Байқау үш кезеңмен өткізіледі:
• іріктеу кезеңі — колледж ішінде өтеді;
• өңірлік кезең — әр колледжден бес студент қатысады;
• республикалық кезең —шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.
Ұйымдастырушы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ