Қоғам

Топырақты қорғау жөніндегі талаптар күшейтіледі

Парламент Мәжілісінің қарауына «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Заң жобаларын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау бойынша әзірледі. Негізгі заң жобасының мақсаты – топырақты тиімді сақтаудың құқықтық негіздерін құру, топырақтың құнарлығын арттыру, жердің тозуын болдырмау, – деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Серік Егізбаев палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ілеспе заң жобасы қолданыстағы заңнаманы негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

– Ол «Жер кодексі» мен «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға жердің кадастрлық құнын анықтаудың нақты тетіктерін белгілеуге бағытталған өзгерістерді ескеріп отыр. Атап айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ функциялары бөлінетін болады. Бұл қоғам тек елді мекендергі жердің құнын анықтайды. Ал ауыл шаруашығына арналған жердің құнын анықтау ГИПРОЗЕМ мемлекеттік кәсіпорнына берілмек. Сондай-ақ жер пайдаланушылардың топырақты қорғау жөніндегі міндеттері нақтыланады. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, – деді депутат.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button