ДенсаулықЖаңалықтар

«Тоқта, туберкулез!»

Нұр-Сұлтан қаласында туберкулезді ерте анықтау мақсатында «Туберкулезді тоқтат!» атты кең көлемді қалалық акция өтеді. Іс-шара  13 қазан мен 13 қараша аралығында жүргізіледі.

[smartslider3 slider=243]

Қала тұрғындарына тегін флюорографиялық тексеру мына аумақтарда жүргізіледі: Тельман, Күйгенжар, Мичурин, Заречный, Пригородный, Железнодорожный, Өндіріс, Көктал және басқа тұрғын үй массивтері, қаланың сауда орталықтары мен базарлары, сауда үйлері, Ұлжан, Бигшанхай, Орталық, Қамқор базарлары, Еуразия, Аружан, Хан шатыр және т.б. сауда ойын-сауық орталықтары.
Акция барысында флюорографиялық тексерумен қатар туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Қала тұрғындарының акция қызметіне қолжетімділігін арттыру үшін демалыс күндері де тексеріс жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға флюорографиялық тексеру жүргізу жоспарлануда. Мамандар консультациялық, оның ішінде туберкулез бойынша қаупі бар адамдар тобы үшін қашықтан көмек көрсетеді. Жылжымалы флюорографтар кестесі қосымша хабарланып, олар қала аудандары арасында жылжи қызмет етеді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button