ЖаңалықтарТалайғы тарих

Тоқтардың жұлдызды сәті

2 қазан – ел шежіресіне алтын әріптермен жазылған тарихи күн. Осы күні қазақ баласы алғаш рет ғарышқа самғады. Бүгін қазақтың ғана емес, біртұтас түркі дүниесінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ұлт арманын орындап, аспан әлеміне ұшқанына тура 30 жыл толып отыр.    

«Союз ТМ» ғарыш кемесімен Александр Волков пен Франц Фибекпен бірге жеті қат көктің арғы жағына барып қайтқан Тоқтар Оңғарбайұлы жанындағы серіктерімен бірге ғарышта биотехнология, медицина, металлургия салалары және тартылып бара жатқан Арал теңіз аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Аралдағы тұзды шаң борамасының пайда болуы, оның таралуы туралы ғарыштан суреттер алынды. Қазақстан аумағындағы атмосфера және жер бедері, жұлдызды аспан, астрофизика жайлы мәліметтер жасалды. Экипаж 7 күн, 22 сағат, 13 минут ғарышта болып, жерге оралды. Бұл тарихты жасаған Тоқтардың жұлдызды сәті болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button