Мәдениет

Торқалы тойдың думаны

Биыл «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның құрылғанына 90 жыл толып отыр. Еліміздің қаржы саласындағы айтулы мекеме басшылығы өз мерейтойына орай іргелі шаралар легін бастап кетті. Атап айтқанда, «Халықтық өнер» бағдарламасы аясында республиканың әр аймағында қайырымдылық шаралар өткізілді. 

Банктің ел ішінде жүргізіп жатқан игі шарапатын елордамыз – Астана тұрғындары да көргеніне куә болдық. Айтар болсақ, жүз­деген астаналықтар «Алау» мұз ай­дынында тегін коньки теуіп, бой сергітуге мүмкіндік алса, аталмыш банк ұжымы ұйымдастырған «Халық старты» атты ойынға қала­дағы мектеп оқушылары, балалар үйлерінің тәрбеленушілері тартылды. Әртүрлі жарыстарда жүлдегер болып та­нылған балалар сый-сияпатқа ие болып, мәре-сәре болып тарасты.
Осындай игі шараның бірі жақында елордамыздағы «Тілеп Қобыз» сарайында жалғасты. Бұл жолы «Халық өнері» бағ­дар­ламасы аясында банктің де­меушілігімен аталмыш сарайдың «Көк түркілер» фольклорлық ансамблі көпшілікке өз өнерін ұсынды. Концертке арнайы ша-қырылған қонақтар қатарында банк клиенттері: ардагерлер мен зейнеткерлер, мектеп мұғалімдері мен ақ халатты абзал жандар, яғни медицина қызметкерлері болды.
Көпшілікті мерейтойымен ор­тақ­­тасуға шақырған «Халық бан­кінің» басшылығы осындай қызықты басқосулар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Еліміздің қаржы нарығында көш­басшы құрылым ретінде танылып отырған банктің қызметіне көпшілік қазақстандықтар сенім­мен қарайтыны осы мерейтойлық шаралар барысында айқын аңға­рылды.
Шын мәнінде «Қазақстанның Халық банкі» АҚ жыл өткен сайын еліміздің барлық аймақтарында қызмет көрсету желісін кеңейтіп отыр. Банк қаржылық тұрғыда өткен жылды табысты аяқтап, жақсы көрсеткіштерге қол жет­кізе білді. Осының бәрі айналып келгенде «Қазақстанның Халық банкі» ел азаматтарының мүддесін қолдайтын шын мәнін­дегі халық­тық қаржы ұйымына айналғанын білдіреді.
«Қазақстан Халық банкі» ак-цио­нерлік қоғамы 90 жылдық мерейтойына арналған шаралар-ды биылғы жылдың қазан айына дейін жалғастырмақ. Яғни, бере­кесі артқан банктің бастамасымен, демеушілігімен өтетін қайырымдылық шаралар әлі де өте бермек. Осылайша, банк клиент­тері үшін қызықты да, сыйлықты да болатын шарапатты шаралар үзілмек емес.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ тарихынан сыр тартсақ, аталмыш мекеме бұрынғы «Жинақ банкінің» негізінде қайта құрыл­ған, біраз жылдар Үкіметтің зей­нетақы мен жәрдемақы төлеу жө­ніндегі агенті болып келді. 2001 жылы жүргізілген жекешелендіру нәтижесінде банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін алды.
Жалпы шығарылған карточкалар санының күн сайын көбейе түсуі сол көшбасшылықтың ай­ғағы деуге болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button