Қала мен СалаҚала тіршілігі

Төрт бағыт ашылды

Карантиннен кейін қоғамдық көлік қызметінің қайта жандануымен елордада 4 жаңа автобус бағыты ашылды. Қаланың қос жағалауы мен қала маңында елді мекендер арасында көлік қатынасының орнауы қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шықты. City Transportation System жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы ­Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, жаңа бағыттарды іске қосуда қарапайым тұрғындардың талап-тілектері ескерілген.

[smartslider3 slider=562]

– Биыл қалада №26, №30, №45, №69 бағыттар іске қосылды. Жыл басынан бері тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік қызмет жандандыруға қатысты 260 мыңдай өтініш, талап-тілек түсті. Өтініштерді қарап, саралау кезінде 6 бағыттың қозғалысына өзгерту енгізілді. 15 бағыттағы автобустардың жүру аралығы жиіледі. 9 бағыттағы автобустар ауыстырылды. Сонымен қатар аялдамалардың техникалық жағдайын жақсартуға баса мән берілді. Сайып келгенде мұның бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жасалуда, – дейді Бекмырза Игенбердинов.
Жалпы елрдалықтарға күнделікті 93 бағытта 860 автобус қызмет көрсетеді. Күн сайын олардың қызметін 550 мыңнан астам жолаушы тұтынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button