Жаңалықтар

Төртінші буынның байланысы

Жыл соңына дейін елордада ұялы байланыстың 4G LTE стандарты іске қосылады. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мәлім етті

– Бүгінде телекоммуникация барынша қарқынды дамып келеді. 2015 жылдың басына қарай ұялы байланыстың үшінші буыны 3G желісімен тұрғындар саны 10 мың адамнан асатын елді мекендер мен барлық аудан орталықтарының аталған технологиямен қамтамасыз етілуі жоспарланып отыр, – деді министр А. Жұмағалиев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін Астана мен Алматы қалаларында ұялы байланыстың 4G LTE стандартын іске қосу күтілуде. Аталған жобаны қанатқақты режимде «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асыруды бастады. Ұялы байланыстың төртінші буыны LTE стандартының жобасын ұйымдастыру және тестілеу үшін Астана және Алматы қалаларының аумағында базалық стансалары орнатылған.

Хамит ЕСАМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button