Ел тынысы

Транскаспий бағдарымен Ақтау портында контейнерлер жөнелту 2 есе артты

2024 жылғы қаңтарда Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 360 мың тоннадан асты, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 12,7% жоғары, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Порт 3 мың тонна астық, 310 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті. Теңіз айлағы 2,3 мыңнан астам контейнерді жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) өңдеді, бұл өткен қаңтарға қарағанда 30% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2 есе өсті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button