Денсаулық

Трендтегі тағамдар түбіңе жетпесін

Елімізде аз күннің ішінде Дубай шоколады мен Шайн мускат жүзімінің атағы жер жарды. Танымал адамдардан бастап, қарапайым тұрғындарға дейін трендтегі қос тағамның дәмін көріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жарыса жариялады.

Сұранысқа ие болған «етті» жүзімнің бұл сұрпы Жапония­да 140 күнде піседі деген дерек бар. Ал араб елінің брендіне айналған Дубай шоколадын қазіргі уақытта өзіміздің кондитерлер де дайындай бастады. Астана қаласы № 7 қалалық емхананың білікті учаскелік дәрігері Хазез Таңатқан трендтегі өнімдерді балаларға берерде абай болу керектігін ескертеді.

«Дубай шоколады мен мус­кат жүзімін мөлшерден тыс тұтыну денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Өйткені бұл өнімдердің әрқайсысының құрамында белгілі бір қауіптілік тудыруы мүмкін заттар бар. Мәселен, Дубай шоколадының құрамаында қант, майлар мен түрлі қоспалар көп. Көп мөлшерде шоколад жеу жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік және диабет сияқты мәселелерге алып келуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір шоколадтарда кофеин мен теобромин сияқты қосылыстар болады, олар ас қорыту жүйесіне әсер етеді. Ал  мускат жүзімінің құрамында табиғи қышқылдар мен қанттар жоғары болады. Оларды көп мөлшерде тұтыну ас қорыту жүйесіне жүктеме жасап, қант деңгейін арттыруы мүмкін. Егер адамдарда қант диабеті немесе ас қорыту проблемалары болса, мұндай өнімдерден аулақ болғаны дұ­рыс» дейді тәжірибелі педиатр.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button