Шаһар шежіресі
Целиноград пен Нұр-Сұлтан: гүл отырғызу жұмысы
Фототілші Нұрмұхамет Имамов түсірген мына ескі суретте «қаланы көгалдандыру құрылысы» Целиноград қалалық басқармасы жұмыскерлерінің Мир көшесінде гүл отырғызу көрінісі берілген.
[smartslider3 slider=3187]
Бұл сурет пен оқиғадан хабар беретін сарғайған газет беті фототілшінің мұрағатында сақталған. Онда суреттің нақты түсірілген күні де көрсетілген. Бұл – 1976 жылдың 16 маусымы. Ал гүл отырғызып жатқандар – барлығы 13 адам жұмыс істеген А.Коровинаның бригадасы.
[smartslider3 slider=3188]
Бұрынғы Мир көшесі қазір Бейбітшілік көшесі аталады. Қазір де елорда көшелерінде жыл сайын әртүрлі гүл отырғызылады. Төменде бүгінгі күндерден сондай бір көрініс.