ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Цифрландыру барысы сөз болды

Қалалар мен өңірлердегі smart-жобаларды дамыту және олардың қоғам өміріндегі тиімділігі мәселелері қаралған жиынға елорда әкімдігінің  Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек модераторлық етті. Талқылауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы көлік жүйесі, қоғамдық қауіпсіздік сынды салалардағы цифрландыруды жүргізген компания өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=563]

Сессия қатысушылары елорданың цифрлық «сыңары», Аshyq қосымшалары, QR білезігі, e-knot сынды ерекше жобаларға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар қаладағы көлік кешенін дамыту, «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының іске асырылуының барысы да әңгіме өзегіне айналды. Бүгінде 2013 жылдан бастап жоспарлы түрде жүзеге асырыла бастаған жобаның аясы мейлінше кеңейген. Осылайша бұл жоба 2023 жылға қарай қаладағы көлік кешенінің 85 пайызын қамтиды.
Ал «KazAeroSpace» компаниясы қолға алған елорданың цифрлық «сыңары» жобасы  арқылы шаһардағы 15 мың шақырымнан астам инженерлік желілер цифрландырылды. Компанияның коммерциялық директоры Ахмет Ахметовтің айтуынша, онлайн геоақпараттық орталық қаладағы құрылыс жұмыстарын жоспарлауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан. Платформа көмегімен компьютердің алдында отырып-ақ шаһардағы бизнес нысандарының дамуы, жекелеген аймақтардың әлеуметтік нысандарға сұранысы сынды мәліметтерді алуға болады.
Алқалы жиында Digital Innovation and Transformation директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко мен TargetAL коммерциялық директоры Дмитрий Панченко да сөз сөйледі.
Панельдік сессия отырысын қорытындылаған Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек  салалық ведомстовалар мен IT компаниялардың бірлескен жұмысының нәтижесі қала тұрғындары мен қонақтарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған үздік smart шешімдерді әзірлеу екендігіне баса назар аударды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button