Шаһар шаруашылығы

Цифрландыру жобаларына жол ашық

Қаламызда IT-кеңестің кездесуі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, ондағы өзекті мәселе – қала мен оның тұрғындары үшін перспективалы жобаларды іздеу. Бүгінгі таңда сараптамалық ортаның 7 кездесуі өткізілді. Олардың шеңберінде 50-ден астам жоба қаралды, оның 7-еуі – пилоттық және апробация сатысында.

[smartslider3 slider=1116]

Кеңестің соңғы кездесуі білім беру саласы бойынша өтті. Кездесуде 8 IT-компания кең ауқымды қолдану, соның ішінде білім беру саласындағы бірегей құралдарын ұсынды. IT-кеңес алаңында ұсынылған жобалардың бірі – «IT Smart Solutions» компаниясының «Автономды көпфункционалды жабдық» атты шешімі. Инновациялық технология ауаны тазартуға және зарарсыздандыруға, сол арқылы үй-жайды ионизациялауға, ауаның түтінденуіне мониторинг жүргізуге, тәулік бойы бейнебақылау мен көзбен шолып бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Жақын арада елордалық мектепте ионизацияны апробациялау жоспарлануда, қазіргі уақытта жүйені енгізу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ AIU алаңында «Ivox» компаниясының білім беру ұйымдары үшін интерактивті ақпараттық-оқыту стендтерін әзірлеу бойынша жоба ұсынылды. Ақылды стендтерді дәстүрлі ақпараттық стендтің орнына оқу орындарында орнатуға болады. Интерактивті стенд ақпаратты гигабайт деректерді сақтай алатын QR кодын сканерлеу арқылы көрсетеді. Мысалы, стенд күн сайын қажет болған жағдайда қашықтан жаңартылуы мүмкін. Әр тақырып бойынша ақпарат бір «бұлтта» сақталады, оны веб-қосымша арқылы басқаруға болады. Қазіргі уақытта пилоттық жоба аясында стенд елордалық №59 мектепте орнатылды.

Кездесуде білім беру саласындағы үш BCPD платформасы туралы айтылды. Alpharabius, University of the future, QWANT платформалары адам капиталын тұрақты дамыту үшін оқушылардың кәсіби және өмірлік дағдыларының өсуіне бағытталған. Өйткені бүгінде адами капитал деңгейі – елдің орнықты өсуінің басты индикаторы. QWANT платформасы қалаларды, өңірлерді цифрландыру және IT-білімнің тиімділігін арттыру үшін жоғары білікті IT-мамандарды дайындайды.

Келесі болып «TargetAI» компания­сының бейнебақылау камераларын орнату арқылы мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобасы таныстырылды. Аналитикалық модульдері бар бейнебақылау жүйелерін басқару платформасы оқиғаларды цифрландыруға және оларды деректерге айналдыруға мүмкіндік береді. Бастапқы код 100% отандық өнім болып табылады және қала мен елдерді цифрлық трансформациялау қағидатын іске асырады. Жүйеде көптеген құралдар бар, бүгінде Сарыарқа ауданында осы шешімнің апробациясы жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім беру саласын жақсарту бойынша технологиялар Елбасы академиясында, Nazarbayev Ortalygy-нда таныстырылды. Мұнда барлық IT-шешімдерді біріктіретін «El umiti» бастамасының әлеуметтік жобаларының цифрлық экожүйе­сі құрылған. Мысалы, экожүйеге кіретін «Smart Ustaz» платформасы мұғалімдерге soft skills құзіреттілігі мен дағдыларын дамыту курстарынан онлайн форматта өтуге мүмкіндік беретін сервистерді біріктіреді. Сондай-ақ мұғалімдер қызығушылықтары бойынша қауымдастықтар құрып, тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыру үшін жаңа білімдерді тарту мақсатында орта құра алады. Ал Nazarbayev Ortalygy-нда робот техникасы, инженерия, дизайн, виртуалды шындық зертханалары және басқалары сияқты елордалық оқушыларға арналған бірқатар коворкингтер мен зертханалар бар. Келесі болып «Digital Information and Transformation» компаниясының жоғары оқу орындары мен колледждерін цифрландыру жобасы ұсынылды. Жүйелердің бірі – smart колледж өзіне 30-дан астам қызметті біріктірді, олардың ішінде үлгерім, кесте, enbek.kz порталы арқылы жұмысқа орналасу, билеттерге жеңілдіктер және басқалары, онда қосымшада студентке баса назар аударылады.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап IT-кеңес байланыс процесін жетілдіруге және оны «ашық диалог» режимінде құруға мүмкіндік берді. Мұнда ұсынылған әр жобаның өзіндік ерекшелігі бар, оның негізгі міндеті – азаматтардың өмірін жақсарту. IT-қоғамдастық атынан сараптамалық ортаны тарту дәл қазір енгізу және апробациялау үшін қандай шешімдердің өзекті екенін талдауға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы процес­терді оңтайландырудың арқасында ақпараттық технологиялар өмірдің барлық салаларына еніп, сол арқылы астананы барлығына жайлы қала етеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button