ЖаңалықтарҮйренетін үрдістер

Цифрлық сауаттылықтан тегін сабақ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап елордада цифрлық сауаттылық курстары өтеді.

«Жайна, Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы
мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады. Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс аясында өтеді.

Сабақтар осы жылдың 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша өтеді: негізі, компьютерді пайдалану; egov электрондық үкімет порталын оқыту; әлеуметтік қызметтер порталы; ZOOM; WhatsApp пайдалану; банк қосымшалары; ЭЦҚ кілтін алу.

Байланыс телефоны: 8-701-212-09-55; 8-747-981-00-42.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button