Денсаулық

Туберкулезден қалай сақтанамыз?

Көктем келіп, қар еріп, қыс қаһары азайды. Бірақ инфекция әлі де бар. Әдетте, бұл мезгілде туберкулез күшейе түседі. Сондықтан биыл 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында елордада туберкулезбен күрес бойынша айлық жүруде.

[smartslider3 slider=2486]

 

Туберкулез инфекциясы көбіне екпені зақымдайды, ол көшеде, қоғамдық көлікте, дүкенде, тіпті курортта да жұғуы мүмкін екенін ескерсек, дертке жағдайы бар адам да, жоқ адам да шалдығуы мүмкін. Ендеше өкпе құрты ауруын жұқтырып алмаудың жолы қандай? Біріншіден, бала туғаннан кейін 3-7 күнде және 7 жасқа келгенде БЦЖ екпесін салдыру керек. Сонымен қатар 17 жасқа дейін жыл сайын манту сынамасын алу қажет. 15 жастан жоғары балалар мен ересектер әр жылда міндетті түрде флюорографиядан өтіп тұруы тиіс. Сондай-ақ сапалы және тұрақты тамақтанып, тамақ құрамында күнде 100-150 грамм ақуызы бар тағам – ет немесе балық болуы тиіс. Салауатты өмір салтын ұстап, үйдің ішін жиі ылғалдап сүрту және желдету қажет.

Айнагүл ТӨЛЕГЕНОВА,

№14 емхананың дәрігері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button