Жаңалықтар

Туберкулезге қарсы тұрмақ

Елімізде дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.  

Оның айтуынша, ҚР Ден­сау­­лық сақтау министрлігі 24 нау­­рызда облыс әкімдіктерімен бір­­ле­­сіп Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізуге ниетті. Сондай-ақ, өкпе ауруына қарсы күрес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бір­­ле­­се отырып, «Әзірге тірі тұр­­ға­нымда, туберкулезді тоқ­та­тың­­дар!» атты бастаманы жүзеге асыр­мақ.

– Туберкулезге қарсы күрес ден­­саулық сақтау саласындағы мем­­лекеттік саясаттың аса ма­­ңыз­ды бағыты болып табыла­ды. Бұл са­­лада проблема жоқ емес. Соңғы 5 жылда өкпе ауруына шалдыққан адамдардың саны 34,9 пайызға, осы дерттің сал­­дарынан өлім деңгейі 57,4 па­йызға төмендеп отыр, – деді А.Әбибуллаев.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button