Мәслихат

Түлектерге диплом тапсырды

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров және Amanat партиясы әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Кариновамен бірге аталмыш университетті қызыл дипломмен бітірген биылғы түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы осы оқу орнының 1200-ден астам студенті диплом алды.

«Астана медицина университеті – еліміздің ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Бұл – жоғары беделге ие және тарихи дәстүрлері бар білім шаңырағы. 60 жылдық тарихында университет қабырғасынан 30 мыңнан астам маман шығарылды» деді Ерлан Каналимов.

Қалалық мәслихат төрағасы өз сөзімде жоғары оқу орнын бітірген әрбір төртінші кәсіби маман елордада жұмыс істейтінін атап өтті.

«Көптеген оқытушылар мен студенттер пандемиямен болған күресте алдыңғы қатарда қызмет атқарды, қиын жағдайда білікті әріптестерінен сабақ алды. Осы кедергілердің ешқайсысы студенттердің білім нәрімен сусындауына тосқауыл болған жоқ. Студенттердің білікті маман болып қалыптасуы үшін өзінің барлық тәжірибесімен бөліскен профессорлар мен оқытушылар құрамына үлкен алғысымды білдіремін» деді Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button