МәдениетРуханият

Түрік тілінде шықты

Түрік кітап сөрелері тағы бір қазақ романымен толықты. Анкарада белгілі жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Махаббат және өшпенділік» туындысының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды.

Мазмұнды іс-шараға ­ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы, Қырғыз халық жазушысы Сұлтан Раев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс, түрік тілі мен әдебиетінің профессоры, академик Орхан Сөйлемез, сондағы қазақ диаспорасының өкілдері мен түрік зиялылары қатысты.

Қазақтың қара домалақ баласының шетелдегі қайшылыққа толы өмірі баяндалатын романның құндылығы мол. Бұл туралы Сұлтан Раев атап, жазушының еңбекқорлығы мен ізденімпаздығын атады.

Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмерұғұлы, профессор Орхан Сөйлемез, қазақ елшісінің орынбасары Мерей Мұқажан құттықтау сөз сөйледі.

– Жаһандану уақытында ауқымды тақырыпты қамтыған романдарды шығару маңызды. Ал мұндай тақырыпта қалам тартатын жазушылар өте аз. «Махаббат және өшпенділік» романында глобальді фонмен қазақтың рухы мен мәдениеті жақсы берілген, – деп атады Якуб Өмерұғұлы.

Жолтай Жұмат сөз алып, осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымының құрылтайына үлес қосқанын, енді халықаралық ұйымның 30 жылдығы аясында Түркияда екінші кітабының тұсаукесері өтіп жатқанына қуанышты екенін жеткізіп, қазақ жерінде өмір сүрген түркі әлемінің айтулы тұлғасы әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи туралы жазған туындыларына тоқталды.

– Түркияда 85 миллион қандасымыз тұрады. Анадолы елі – Еуропаның қақпасы. Сондықтан шығармаларымызды мүмкіндігінше түрік бауырларға таныстырып, дәріптеуіміз керек. Алдағы уақытта түрік тіліне аударылған шығармалар ағылшын, француз тілінде шығып жатса, жалғыз менің ғана емес, қазақтың мәртебесі деп ойлаймын, – деді жазушы Жолтай Әлмашұлы.

Жолтай Жұматтың 40-қа жуық кітабы баспа көрді. «Оянған ұрпақ», «Жетім жұлдыздар», «Күлкі мен көз жасы» романдарының қазақ әдебиетіндегі орны биік. «Қаратаудың қаһары» қысқа романы да қазақ оқырмандарының жоғары бағасын алды.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button