Білім

Туған елге тағзым

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетті.

[smartslider3 slider=864]

Бес күндік сапар NIS зияткерлеріне шалқар шабыт пен жаңа идея сыйлады. Экспедиция аясында оқушылар жүздеген тарихи-мәдени орындарға, табиғи мекендер мен өндіріс ошақтарына, білім-ғылым ұйымдарына барды. Туристік жорық барысында елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары қазақ руханияты мен мәдениетінде айрықша орны бар Күлтегін ескерткішінің көшірмесімен танысты, ал өр тұлға Қабанбай батыр кесенесіне барған халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Әли Ринатұлы Minecraft ойынына кесененің макетін енгізген.

«Бұл саяхат бізді жігерлендірді, ал батырдың рухы қанаттандырды. Қабанбай батыр кесенесін замандастарыма таныстыру мақсатында Minecraft ойынында мемориалдық кешеннің үлгісін жасадым, бұл бір жағынан туған өлкенің тарихи жерлерін насихаттауға да арналады» дейді Әли.

Айта кетейік, NIS-тің «Туған елге тағзым» экспедициясы 2021 жылы қараша айында өткізіліп, еліміздің әр өңірінен 800-ге жуық зияткерге зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік берді. Экспедиция аясында әзірленген жобалар LibGuides платформасында жарияланады, сондай-ақ желілік және республикалық ғылыми жобалар байқауына жолданады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button