Әлеумет

Туған елге велосаяхат

     Елорда тұрғыны, жасы жетпіс екіден асқан Кеңес Шоқанұлы Зубаиров мерейлі жасқа келіп отырған еліне велошеру жасауды жоспарлаған. Оған екі жылдай дайындалған. Велосипед сатып алып, астана өңірінде дайындық жасаған. Туған ауылы – Бестөбе.

 

[smartslider3 slider=3837]

 

Мектепті сонда бітірген, армия қатарында болып, елге оралған соң алтын өндіретін шахтада он бес жылдан астам еңбек еткен. Кеңеске Бестөбенің әрбір үйі, көшесі тіпті шахтадан шығарылған тастарына дейін ыстық. Осындай елді мекеннің бүгінде жүдеңкіреп тұрғанына наразы. Шахталардың біразы жабылған, жұмыссыздар саны артқан. Кеңес Шоқанұлы алдына қойған жол жоспарын әбден пысықтап, 1 тамыз күні жолға шықты. Бұрын мұндай алыс жолға велосипедпен шықпаған адамға, әрине, алғашқыда ауыр болады. Соған қарамастан Бозайғыр, Шортандыны басып кешкі алтының шамасында Ақкөл қаласына жетеді. Қаланың бір қонақ үйіне ат басын тірейді. Таңертең тұрса, денесі бәрі ұзақ қозғалыстан ауырып қалған. Кішкене жаттығуларын жасап, таңғы ас мәзірін жасап, сағат тоғыздар шамасында Степногорск қаласының бағытына шығып кетеді. Қенес, Азат,  Қарабұлақ  ауылдары арқылы өтіп кешкі бес­тердің шамасында Степногорск қаласының стелласына жетеді. Осы жерде «Қазақ Асхат есімді өкілдері қарсы алып, сұхбат алады. «Менің кім екенімді, жолға шығудағы мақсатым не екенін айтып бердім» деді велошабандоз. Екінші  күн бірінші күнге қарағанда жеңілдеу болса керек, онша қатты шаршамапты. Түнде жүруге велосипедімнің жарығы жоқ, қонуға тура келеді. Үшінші күні туған еліне Бестөбеге Ақсу, Бөгембай арқылы жол тартады. Бұл өңір Кеңес Шоқанұлына өте таныс, әрбір төбесі, жері белгілі. Онымен қоса үшінші күн болған соң әжептәуір төселіп қалыпты. Еліме он шақырымдай қалғанда балдыздарым шахтерлер Берік пен Қуаныш қарсы шықты. Түс ауа латынша жазылған Бестөбенің стелласына жетеді.  Екінші күні туған еліне сәлем беру үшін ауылды аралайды. Өзі оқып бітірген №2 орта мектепте болып, ұстаздармен кездесу өткізеді. Бестөбедегі қазақ орта мектебіне бас сұғады. Одан кейін ауыл әкімі Сырым Уәлиұлы Қабай қарсы алып, ықыласты лебізін білдірді. Осылай кейіпкеріміз туған елінің 90 жылдығына арналған велосаяхатты аяқтап, аман-есен отбасына оралады.

 Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,

Елорда қалалық Ардагерлер кеңесінің медиатобының мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button