Тұғырлы ел туындылары
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Тұғырлы ел» концертін ұсынды.
Концерт бағдарламасында композиторлар, ансамбль музыканттары Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала», Тоғжан Жахиннің «Думанды Сарыарқа», «Сарын», «Сақ даласы», Шығыс Маханның «Аққу арман» және Ержан Тоқсабановтың «Тұғырлы ел» шығармалары орындалды.
Ансамбль әртістері Әділет Сейітқұлов (қобыз), Ақерке Жөкен (нар қобыз), Қарагөз Гасимова (жетіген), Райхан Омар (сазсырнай), Гүлдара Нариман (прима қобыз), Венера Дүйсенбекова (прима қобыз) және ансамбльдің домбырашылары жеке өнер көрсетті.
Сондай-ақ концертке «Халық әні» бөлімінің әншілері, мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Әйгерім Нартүйе, халықаралық байқаулардың лауреаттары Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия қатысты.