Мәдениет

Тұғыры биік тәуелсіздік

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 көпшілік кітапханасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталмыш кітапхана оқырманы Бейісхан ақсақал қазақтың тәуелсіздік жолында көрген қиындықтар, соның ішінде қуғын-сүргін, ашаршылық туралы айтты. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орында тұрғанын айта келе, оны  ата-бабаларымыздың мықтылығының арқасында сақтап қалғанымызды атап өтті. Жас ұрпақты тәу етер тәуелсіздікті қастерлеуге шақырып, домбырамен ән шырқады.

Ұлағатты ұстаз, музыка маманы Жарқынбек Сәулебек – Қытайдан елімізге оралған қандасымыз. Ол өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде атасы Семейдің Үржар жерінен шекара асқанын айтып, Қазақстан тәуелсіздік алғанда шексіз қуанғанын, сол хабарды ести сала, тарихи отанына оралуға асыққанын, жан-жүрегімен елге қызмет етіп жатқанын, соның ішінде өскелең ұрпаққа музыкалық білім беріп жатқанын жеткізді. Баянмен және домбырамен ән әулетті.

Жиын барысында Кеңес заманында қаншама қазақ мектептері жабылғаны, тәуелсіздіктің арқасында олар қайта ашылғаны, жалпы ана тіліміздегі мектептердің ұрпақ тәрбиесіндегі мән-маңызы жайында айтылды. Ақындар Толқын Қабылша мен Жұлдызай Ысқақ Тәуелсіздік туралы пікірлерін айта жеткізе келе өлеңдерін оқыды.

Астана қаласы №93 мектеп-лицейінің бастауыш және жоғары сынып оқушылары ұлттық рухты асқақтатқан күй күмбірлетіп, жүрек тебірентер патриоттық жырларды оқыды. №6 көпшілік кітапхананың кітапханашысы Рабиға Сайлаубекова тәуелсіздіктің құрдасы екенін жеткізіп, оған арнаған өлеңін оқып берді.

Дөңгелек үстел отырысын түйіндеген Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева жиналғандарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, рақмет айтып, белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттарды тапсырды.

                     Аманғали Қалжанов  

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button