Елорда тынысы

Түйткілді жайлар ­айтылды

«Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымымен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары олардың өзекті мәселелеріне құлақ түрді. Өнер ұжымы халық қалаулылары Бауыржан Сартбаев пен Елдос Абақановқа театр тіршілігіндегі түйткілді жайттарды баяндады.

[smartslider3 slider=2203]

Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедияров мемлекеттік сатып алу туралы заң шығару жөнінде мәселе көтерді. Бұл заң арқылы театр труппалары үшін реквизит алу бір қаржыландыру көзінен реттелуі керек.

– Аталған заң, сөзсіз, түзетулер енгізуді қажет етеді. Тек «Астана ­Опера» театры ғана емес, барлық мәдени мекемелер арнайы бөлшектер алуда қиындықтарға тап болады. Бұрын оларды мамандандырылған нүктелерден алатын едік. Өткен жылдары театрға сапалы пуанттер сатып алынды, ал енді балет аяқ киімін конкурстан ұтып шыққан кез келген кәсіпорын ұсынады, бірақ олардың көбінің репутациясы күмәнді, тауарларының сапасы төмен. Ең жаманы, осы мәселелердің бәрі сахнада өнер көрсеткен сайын әртістердің жарақат алу қаупін күшейтіп, олардың денсаулығына залал келтіруде, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева.

Кездесу барысында музыкалық аспаптардың сапасы, сахналық құрал-жабдықтар мәселесі де айтылды. Сонымен қатар қазіргі таңда кез келген театр үшін маңызды болып саналатын гастрольдік сапарларға шығу мәселесі де көтерілді. Театр қызметкерлері тәжірибе алмасып, елордадағы шығармашылық өмірді жандандыра түсу үшін шетелдік танымал әріптестерді елордаға шақырту туралы ұсыныстарын алға тартты. Депутаттар жиын соңында өнер ұжымының барлық талап-тілектері аяқасты қалмайтынын айтты.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button