Ел тынысы

«Тұл» фильмі «Еуразия» кинофестивалінде сенсация жасады

XVII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде қазақстандық «Тұл» фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Киногерлердің сөзінше, нағыз кинематографиялық шедевр көпті қажет етпейді. Оған дәлел 12 күнде, шағын ғана қаржыға түсірілген Шәрипа Оразбаеваның «Тұл» фильмі. Интернатта өскен қыздың өмірі баяндалатын картина «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің сенсациясына айналды.

«Фильмнің бюджеті шағын ғана болды. Актерлер киноға тегін түсуге келісті десек те болады. Олардың авторлық киноға қолдау көрсеткені маңызды. Өз алғысымды білдіремін», – деді фильмнің режиссері Шәрипа Оразбаева.

Фильмде баяндалған оқиға Шәрипаның жақын құрбысының өміріне негізделген. Бұл тек кино ғана емес, рухтың шынайы драмасы. Картинада жалғыз қалып, интернатта өскен қыздың қиындыққа толы өмірі көрсетіледі.

«Құрбым тағдырдың түрлі сынақтарын бастан кешкен. Осыдан соң ол күрделі психологиялық қиындықтарға тап болды. Қазір ол үнемі өзін құбыжық ретінде елестетеді. Фильмнің соңында дәл осы сәтті көрсетуге тырыстым. Себебі біз өзімізді құбыжыққа айналдырамыз»,– дейді Оразбаева.

Фильмде қаңтар оқиғасының кадрлары да көрсетілді.

«Қаңтар оқиғасы барлығымыз үшін ауыр және қайғылы тақырып. Фильмде оны көрсету арқылы бізге ненің маңызды екенін айтқым келді», – дейді қазақстандық режиссер.

Шәрипа Оразбаеваның айтуынша, қазақ тілінде бұл сөз тек жетім дегенді ғана білдірмейді.

«Тұл» фильмі тек жетім қыз туралы емес. Бұл адамның ішкі жан дүниесіндегі арпалыс. Мен осы сезімді беруге тырыстым», – дейді режиссер.

Көрермендер көрсетілімнен кейін режиссер мен актерлерден өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button