БілімЖаңалықтар
ТҮЛЕКТЕР «БӘЙТЕРЕК» ТҮБІНЕ ЖИНАЛАДЫ
Сыңғырлы соңғы қоңырау да жақындап қалды. Астанада алдағы 25 мамыр күні сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік концерт пен мектеп түлектерінің би кеші өтеді.
Ауқымды шараға елордалық мектептерден 4593 түлек қатысады. Елорданың үздік өнер ұжымдары ән мен биден шашу шашады. Олардың қатарында «VIVA» шоу-балеті, «Kazakh Percussion Group» барабаншылар тобы, «Z» триосы бар. Сонымен қатар бас қаланың үздік брэйкданс ұжымдары және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Кеш барысында түрлі байқаулар мен сайыстар да назардан сырт қалмайды. Білімді және креативті мектеп түлектері үшін интерактивті байқаулар, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Азамат ЕСЕНЖОЛ