Ел тынысы

Түлектердің оқу ақысы төленеді

Әлеуметтік осал топқа жататын елордалық түлектердің жоғары оқу орнында білім алу ақысын әкімдік өтейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=3638]

«Жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған. Жағдайы төмен отбасыдан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетеміз. Бұл бағдарлама бойынша құжат қабылдау 21 тамызға дейін жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар арасында бөлінеді. Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі. Олар: биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография, сәулет, мектепке дейінгі білім беру, инженер, жалпы медицина, педагогика, IT сала, жылу энергетикасы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, электр энергетикасы және өзгелері» деп жазды қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аталған әлеуметтік көмекті алу үшін қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу керек. Сондай-ақ өтінішті eGov порталы арқылы электронды түрде беруге болады. «Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (190088 теңге) аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Толық ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан оқуға болады» деп түсіндірді елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button