Мәдениет

Тұлғаларды ұлықтайды

Астана қаласы орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесіне қаладағы 18 кітапхана қарайды. Осы қаңтар айында барлық кітапханаларда тарихи тұлғалардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, әдебиет, өнер майталмандарының мерейтойларына арналған шаралар өтеді.

Биыл кешегі жаугершілік заманда қазақтың басын біріктірген Абылай ханның туғанына 310 жыл (кейбір деректерде 312 жыл). Күй атасы Құрманғазының 200 жылдығы осы жылы аталып өтілмек. Ал халық батыры Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл. Мерейтойлар қатарында мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, атақты театр және кино актрисасы, Қаз КСР халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бикен Римованың 100 жылдығы, балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтің 85 жылдығы бар. Мәдениеттанушы ғалым, дипломат Мұрат Әуезов жылдың алғашқы күні сексеннің сеңгіріне шықты. Қаланың кітапханалары осы тұлғаларды ұлықтайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button