Қала тіршілігі

ТҰМАН СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

ERA_6354

Төрт күннен бері елорда аспанын қалың тұман басып тұр. Тіпті, кеше соның салдарынан Астана әуежайынан ұшатын тоғыз авиарейс кейінге шегерілді. Жоғарыдан қарағанда зәулім ғимараттардың төбесі, үйлердің кескіні ғана көрініп, ақ мұнар қала көшелеріндегі жол қозғалысына да айтарлықтай кедергілер келтірді.

Міне, ауа райының аяқ астынан осылай құбылуын және оның қанша уақытқа жалғасатынын «Қазгидромет» РМК Қысқа мерзімді болжамдар басқармасының мамандары былай түсіндірді: «Солтүстіктен соққан суық ауа ағындарының жылы ауамен алмасуы тұманның түсуіне себеп болды. Қазір суықтың көлденең бағытта ауысуы салдарынан шаһарды адвективті тұман тұмшалап тұр. Яғни, оңтүстік циклондар суық ауа ағымдарымен алмасып жатыр.

Кеше түнде және таңертең қала төңірегінде осы көрініс толық сақталды.

Ал, бүгін, яғни, 6 қарашадан бастап айнала ашылып, тұман сейіле бастайды. Артынан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы +4, +6 °С шамасында болады».

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button