Денсаулық

Тұмау неге көбейді?

Эпидемиялық маусым басталғалы бері елордада ЖРВИ ауруының 44 392 жағдайы тіркелді. Оның ішінде А типті тұмаудың 32 жағдайы есепке алынып отыр. ЖРВИ-ды жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3 748 адамды құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4 есе жоғары.

[smartslider3 slider=1219]

Нұр-Сұлтанда ЖРВИ жұқтыр­ғандар саны күрт артқанын елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. «Аталған инфекция көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралып отыр. Олардың үлесі 60,8%-ды құрайды. Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлесі 6% және жүкті әйелдер үлесі 3,3%-ды құрайды» деді Сархат Бейсенова. Елорданың бас санитар дәрігері ЖРВИ-дің балалар арасында жиілеуінің себебін оқу жылының басталуымен байланыстырып отыр. «Бұл мектеп, орта арнаулы және ЖОО-да оқу жылының басталуымен байланысты. Жалпы ЖРВИ жұқтырушылардың 27,8% – оқушылар және 16,2% – мектеп жасына дейінгі балалар және 7 % студенттер құрап отыр» дейді ол. Оның айтуынша, елордада 170 мыңнан астам тұрғын ЖРВИ-ға қарсы вакцина алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button