Тұңғыш кітабының тұсаукесері
28 тамыз күні сағат 10.00-де Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 көпшілік кітапханасында Рысжан Шамұратованың «Арман – адамға қанат» атты тұңғыш кітабының тұсаукесері өтеді.
«Бала кезімде әжемнің қасында жатып, аспандағы жұлдыздармен сөйлесіп, әрқайсысына ат қоятын едім. Аспандағы сансыз жұлдыздар біздің көзбен қарағанда әдемі бір көрініске ие. Қолы жетсе жұрттың бәрі бір-бір жұлдыздан бөліп алғысы келеді. Әйткенмен, жұлдыз қол жетпеуімен де жұлдыз емес пе? Осы көрініс мені үнемі қиялға самғаған асқақ армандарымды елестеді.
Арман да сол жұлдыз секілді. Жымыңдап қарап, қуаныш сыйлағысы келеді, бірақ қол созғанмен алыста, оған адал еңбекпен ғана жете алуың да, алмауың да мүмкін. Сенген адамға алыстың өзі жақын, жоқтың өзі бар, мүмкін емес нәрсе мүмкін бола алады. Демек, бала кезімде жұлдызбен сырласқан қыз ерте ме, кеш пе арманының орындалатынына сенген еді. Сондай армандарымның бірі филолог, журналист болу еді. Журналист болмасам да қолыма қалам алдым. Оқырмандарымды тұңғыш кітабымның тұсаукесеріне жаңа ашылған кітапханаға шақырамын» дейді автор.