Жаңалықтар

«Тұңғыш – Первый» деректі фильмдер апталығы басталды

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған деректі фильмдер апталығы ашылды. Апталықтың алғашқы күні  көрермен назарына «Ел анасы» және «Үзеңгілестер» атты  фильмдер ұсынылды.

Апталық аясында көрермендер үшін Елбасының өнегелі өмірінен сыр шертетін 8 деректі фильм көрсетіледі. Бұл фильмдер 70-астам кино картинаның арасынан таңдалып алынған.  Шара барысында озат студенттерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған және тілегі жазылған кітаптар тарту етіледі. Сонымен қатар «Назарбаев орталығында» Елбасының өмір жолын жан-жақты ашып көрсететін фотокөрме мен интерактивті экспозиция жұртшылық назарына ұсынылып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button