Руханият

 “TURAN ансамблі — түркі музыка мәдениетіндегі феномен”

Астанада “TURAN ансамблі — түркі музыка мәдениетіндегі феномен” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Түркі халықтарының музыкалық бренді,  түркі мәдениетінің халықаралық амбассадоры — TURAN этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция оффлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Ресей, АҚШ, Тайвань және басқа да елдерден жетекші ғалымдар, өнер зерттеушілері, педагогтар, магистранттар, докторанттар мен студенттер қатысады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  • TURAN ансамблінің қазақстандық музыкалық өнер мен педагогиканың дамуына қосқан үлесі
  • TURAN ансамблі шығармашылығының қазіргі заманғы театр, кино, хореография, ұлттық киім және менеджментпен байланысы
  • Жаңа формат: заманауи этно-фольклорлық топтардың бірегейлікті тәрбиелеу мен трансформациялаудағы рөлі
  • Қазіргі түркі әлемі музыкасының панорамасындағы және мәдениетаралық өзара әрекеттесудегі TURAN ансамблінің орны
  • Этно-фольклорлық топтар және этникалық музыкалық аспаптардың дамуы

Конференция барысында А.Р. Райымқұлова (Әзірбайжан, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры), С.Ы. Өтеғалиева, Г.Б. Әбдірахман, С.А. Елеманова (ҚР жетекші музыкатанушылары), Меган Рансьер (АҚШ, Боулинг Грин мемлекеттік университеті),  В.Н. Юнусова (Ресей, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы), Р.А. Аманова (Қырғызстан, Қырғыз Республикасының халық әртісі) және басқа да көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар сөз сөйлеп, баяндамаларын ұсынады. Зерттеу жұмыстары TURAN ансамблінің орындаушылық ерекшеліктерінен бастап, мәдениетаралық коммуникациядағы рөліне дейінгі мәселелерді қамтиды.

Конференцияда түркі халықтарының ортақ музыкалық кодтары, олардың қазіргі этно-мәдени кеңістіктегі трансформациясы, сондай-ақ TURAN ансамблінің осы үдерістерге қосып отырған үлесі, музыкалық мұрасы жан-жақты сарапқа салынады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button