Ел тынысы

Тұран даңғылы бірнеше күнге ішінара жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осыған байланысты биыл 27-30 сәуір аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қаладан аэропортқа қарай) жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button