Жаңалықтар

Тұран даңғылы уақытша жабылды

Асфальттық бетон жабынын профилактикалық қорғау мақсатында бүгін және ертең Тұран даңғылы (Сығанақ көшесінен Сары­арқа даңғылындағы кө­пірге дейінгі бөлігі) жарты­лай жабылады.

KBB_9353

Бүгінде елордада бекітілген кес­теге сәйкес бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, Манас к-сі (Абылай хан даңғылынан тұйық көшеге дейін), Ш.Уәлиханов к-сі (Бөгенбай батыр даңғылынан А.Бараев к-сіне дейін), 30 маусымға дейін Қобыланды батыр көшесі, Р.Қошқарбаев к-сі (Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл к-сіне дейін), А.Тоқпанов к-сі (Г.Алиев к-сінен Б.Момышұлы даңғылына дейін), Қордай к-сі (№14 к-сінен соңғы аялдамаға дейін), 25 маусымға дейін Теміржол вокзалы маңындағы алаң, С.Сейфуллин к-сі (Ә.Сембинов к-сінен Ш.Уәли­ха­нов к-сіне дейін).
Сондай-ақ, күні кеше тағы бірқатар жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталды: А.Петров к-сі (Қ.Сәтпаев к-сінен Қ.Мұңайтпасов к-сіне дейін), Көктал к-сі (Н.Тілендиев даңғылынан М.Дулатов к-сіне дейін), Бөгенбай батыр даң­ғылы (Сарыарқа даңғылынан К.Күмісбеков к-сіне дейін), Ж.Тәшенов к-сі (Тәуелсіздік даңғылынан Таха Хусейн к-сіне дейін), Тәуелсіздік даңғылы (Б.Момышұлы даңғылынан А.Байтұрсынов к-сіне дейін).
Сондықтан, жүргізушілердің қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button