Қала тіршілігіСұхбат

ТҰРАҚТЫ ҚАЛАНЫҢ ТҰҒЫРЫ

«Астананың рейтингтері қаланың серпінді және диверсификациялы экономикасы мен жағымды салық режиміне негізделген төмен деңгейлі қаржы дефицитімен және табысты операциялық кірістермен сақталуда». Бұл – «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі сарапшыларының қазақтың кіндік қаласына берген бағасы. Аталған агенттік Астанаға «Тұрақтылық» рейтингі бойынша болжанған ВааЗ деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютаға эмитент рейтингін тағайындады. Осыған орай Астана қаласы Қаржы басқармасының бастығы Бекбол САҒЫНМЕН тілдестік.

–«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігінің берген бағасына сүйенсек, елордамыз Балтық жағалауы елдерінің қалаларымен иық тірестірді. Айтыңызшы, бұл рейтинг қалай жүргізіледі?

– «Moody’s» халықаралық рейтинг агенттігі Астана қаласының әкімдігімен жұмыс жасап, бізден бюджеттің көрсеткіштерін, жалпы қандай міндеттемелеріміз бар, кірістеріміз қандай, бюджет тапшылығы қандай деңгейде құрылған – міне, осы мәліметтердің барлығын жинақтап алады. Соның негізінде талдау жүргізіп, баға берілді. Яғни, бұл рейтинг біздегі қалыптасқан экономикалық жағдай, әлеуметтік көрсеткіштерге негізделіп жасалып отыр.

– Бұл тек ТМД елдерінің аумағында ғана жүргізіле ме?

– ТМД елдерінде ғана емес, әлемнің басқа қалаларында да осындай рейтинг жүргізіледі. ТМД елдерімен салыстырсақ, Мәскеу, Петербор қалаларының рейтингтері – Ваа1. Ал, агенттік Қазақстанға Ваа2 рейтингін берді.
Біздің бұл рейтингіміз – Балтық елдерінің астаналарымен, сондай-ақ Хорватия, Италияның Неаполь қаласымен деңгейлес. Айта кету керек, 2009 жылы дәл осындай рейтинг жүргізілген болатын. Бірақ, биылғы көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғары.

– Аталған агенттік рейтингті шығарған кезде қаланың кредиттік рейтингісін де назарға алады. Жалпы, ол не үшін қажет?

– Кредиттік рейтинг деген – инвестицияға қолайлы жағдай деген сөз. Кез келген инвестор басқа елге инвестиция салу үшін, әрине, сол ел жөнінде жан-жақты ақпараттар жинайды. Соның ішінде Moody’s халықаралық агенттігінің берген кредиттік рейтингі Астана үшін өте пайдалы деп есептейміз.

– Неліктен?

– Өйткені, қазіргі күні инвестиция тарту – маңызды мақсаттарымыздың бірі. Жалпы экономикамызды жаңғыртудың нәтижесінде әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің барлығы артығымен орындалды. Бюджет жөнінде айтатын болсақ, өткен жылы бюджеттің кірісі де 100% артығымен орындалды. Тек өткен жылы Астанаға 570 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Оның 50%-дан астамы негізінен ұйымдардың, кәсіпорындардың, халықтың өзінің жеке қаражат есебінен.

– Әңгімеңізге рахмет!

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button