Ел тынысы

Тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды

Тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Құрметті кезекте тұрғандар!

zhilfond.kz сайты мен «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-нің www.gov.kz сайтында қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй»бағдарламасының нәтижелері жарияланды.

1 бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.

Назар аударыңыз!

Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып,ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды», – делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button