Қоғам
Тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстары жүргізілді
Астана қаласының Алматы ауданында инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ПИК және МИБ қызмет көрсету ұйымдары келесі жұмыстар жүргізді:
— 42 үйде жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу;
— 25 үйдің шатырын жөндеу;
— 53 үйдің су және кәріз желілерін жөндеу;
— 37 үйдің электрмен қамтамасыз ету желілерін жөндеу;
— 157 кіреберіс пен кіріспе топтарын жөндеу.
Аталған жұмыстардың арқасында тұрғындар үйлерінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.