Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылысы – басты назарда

Қала әкімі ­А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құ­ры­лыс барысымен танысты.

Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ қала әкімі Н.Тілендиев даңғылы бо­йында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Бұл тұрғын үй кешенінен 530 адам пәтер алады. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі – 2020 жыл. А.Көлгінов ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізіліп, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажеттігін баса айтты.
Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен 2400 пәтер тапсырылған. Ал келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button