ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тұрғын үй жағдайын тексерді

Абылайхан даңғылы, 5а мекенжайындағы тұрғындардың өтініші бойынша Алматы ауданының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ауданның Полиция басқармасы, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» АҚ, «Өркен қала» ЖШС аталған үйде орналасқан «Small» сауда орталығы өкілдерімен және осы үйдің тұрғындарымен кездесті.

[smartslider3 slider=405]

Кездесу барысында радиаторлардан шығатын бөгде дыбыстар мен сауда орталығы жабдығынан пәтерлерге келетін шу, кәріз жүйесіндегі май ұстағыштардың жағдайы, генераторды орнату үшін салынған қосымша ғимараттың заңдылығы мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша ескертулер айтылып, жауапты адамдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Алматы ауданы әкімінің аппараты осы мәселелердің шешілуін бақылауға алды.
Сондай-ақ Алматы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «НАК» ЖШС өкілдері және Р.Қошқарбаев, 50 және 50/1 даңғылының тұрғындары қатысуымен көшпелі кеңес өтті.
Кездесу барысында абаттандыруды қалпына келтіру мәселелері талқыланып, құрылыс компаниясына оны тезірек аяқтау ұсынылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button