Білім

Тұрғын үй жатақханаға айналады

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақхана болып қайта бейінделеді деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік парақшасында.

[smartslider3 slider=566]

Министрлік өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізді. Бүгінгі таңда 9 инвестор ғимараттарды қайта бейіндеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
«Біз салынып жатқан, сондай-ақ қолданысқа берілген тұрғын үй нысандары мен жатақхана ретінде пайдалануға болатын ғимараттарға бардық. Осы ретте тұрғын үйлердің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырдық. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Біз бұл мәселені, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін кешенді шешуді бақылауда ұстаймыз» деп атап өтті Қаржы орталығының ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин.
Ведомствоның мәліметінше, БҒМ студенттік жатақханаларды қайта құру қарқынын жеделдету үшін жаңа жағдайлар жасауда. Атап айтқанда, ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды. Яғни студенттің алған әрбір орны үшін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін қаржы бөлінген. Бұл норма Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы объектілерге қатысты қолданылады.
«Мұндай жаңашылдық студенттік жатақханалар санын айтарлықтай арттыруға және білім алушылардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған жатақханалар өзінің нысаналы мақсаты бойынша кемінде 20 жыл жұмыс істеуі тиіс» деп атап өтті Алпамыс Сатыбалдин.
Соңғы үш жылда елімізде 90-нан астам студенттік жатақхана пайдалануға берілген. Осы жылдың соңына дейін тағы 32 нысан қолданысқа беріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button