Жаңалықтар

Тұрғын үйді басқарудың тиімділігі

Бүгінгі таңда елордалықтардың басым бөлігі жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметінен бас тартып, меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құруды қолдауда. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй орталығының мамандары тұрақты негізде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау саласындағы білімдерін бөлісу бойынша қызу жұмыс жүргізіп жатыр.

[smartslider3 slider=1907]

МИБ құру және ПИК қызметтерінен бас тарту мәселелері бойынша осы орталыққа елордалықтардан күніне 70-ке жуық өтініш түседі екен. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң мәселелері бойынша қолжетімді ақпарат дайындау.

Бүгінгі таңда елордада барлығы 3097 көппәтерлі тұрғын үй болса, олардың 60 пайызы, нақтырақ айтсақ, 1690-ы тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті. МИБ төрағаларының тиімді жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ тұрғын үйлерді басқарушылардың біліктілігі мен білімін растау үшін семинар, тренинг өткізіледі, бейнематериалдар дайындалады, тәуелсіз сертификаттау орталығында тестілеу өткізіледі.

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда көзделмеген нысандарға шағымдар саны өсуде, сондықтан орталық мамандары үшін мүлік иелерінің қызмет көрсету сапасы мен ақшалай қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру үшін барлық қажетті ақпаратты уақытылы жіберу маңызды, – деді қалалық МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетова.

Бірыңғай орталыққа хабарласу үшін Республика даңғылы, 32 мекенжайына келуге немесе WhatsApp қосымшасы арқылы +7-777-333-34-33 нөмірімен байланысуға болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button