ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тұрғындар игілігіне тапсырылды

Бейсекова үй

Астанада «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Сәкен Сейфуллин және Шабал Бейсекова көшелерінің қиылысында тағы да бір үйдің құрылысы аяқталды. Тоғыз қабатты жаңа тұрғын үйде 198 пәтер бар. Учаскі басшысы Ерік Бәйкеновтің айтуынша, бұл үйге адамдар бір аптадан кейін қоныстанады.

«Үйдің құрылысы екі жыл бұрын басталды. Орта есеппен бір бөлмелі пәтердің ауданы 35 шаршы метр болса, төрт бөлмелілер – 70 шаршы метрге жуық. Пәтерлерге жарық тартылып, жылу қосылғаннан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне кіреді» дейді ол.

Жаңа үй 74 бір бөлмелі, 88 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі және 16 төрт бөлмелі пәтерден тұрады. Бүгінгі таңда үйдің құжаттары дайындалу үстінде. Баспана сатып алушылар мен жалға алушылар пулының қатысушылары төлем қабілетін қайта растау үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» құжаттар тапсырып болды. Енді Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы банктен төлем қабілетін растаған бағдарлама қатысушыларының тізімін алғаннан кейін оларды сатып алу-сату келісімін жасау үшін шақырады.

Биыл жазда Айнакөл көшесінде (Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасында) орналасқан тағы да бір көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.

Сонымен қатар, осы жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында Евгений Брусиловский, Амангелді Иманов және Ахмет Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланған.

Ал, жалпы бағдарлама іске қосыл­ғалы бері Тұрғын үй басқармасы «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жалпы ауданы 84,17 мың шаршы метрді құрайтын 1581 пәтерлік жеті тұрғын үйді пайдалануға берді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button