Әлеумет

Тұрғындар неге «алаң көңіл»?

Жақында белгілі бір психологтан астаналық менталитет туралы сұрадым. Жоғары санатты маман қазіргі күнде біздің қаланың тұрғындарына «алаң көңіл» тән екенін айтты.

ZAH_4298

Осы пайымның астарында еліміздің әр аумағынан көшіп келіп, астаналық атанғандардың өздерін «бөтен» сезінуі, осы жерге алаңсыз тамырлай алмай жатқанын айтты. Мұндай психологиялық кедергі қала үшін қиянат екенін айтқан маман мына мысалды келтірді. Күнделікті ауланы тазалап, жолдың тас кірпіштерін қалап жатқандардың жұмысын бақы­лаңыз. Немесе ауладағы тал-теректердің өскен бұтақтарын қырқып жүрген немесе көк шал­ғынды күзеп жүргендерге көз салыңызшы. Егер жұмыскер осы ауланың тұрғыны болса ерекше ұқыптылықпен, балаларым мен немерелерім қызығын көрсін деген ниетпен жасағаны көрініп тұрар еді. Өкінішке орай, бұл сирек кездесетін жайт. Сондықтан да болар, жанын салмай жасаған жұмыс өзгенің де жанын жылытпайды. Алаң көңілмен атүсті жасалғаны көзге ұрып тұрады.
Бұл дегеніміз не? Әріден бас­тасақ, Астана тұрғындарының көбі сырттан келгендер екені белгілі. Олардың көбінің өз баспанасы жоқ, уақытша пәтер жалдап тұрғандар. Біреудің үйінің бұрышын паналап жүргендерде өзімдікі дейтіндей иелік ету сезімдері бәсең келеді. Жартысынан көбі жалдамалы тұрғындардан тұратын тұрғын үйлердің кіре берістері шашылып, есігі сынып, жеделсаты мен басқыштары күтім көрмей, мерзімінен бұрын тозуы да – сол тұрғындардың жанашырлығының болмауынан.
Байқасаңыз, бір үйдің тұр­ғындары бір-бірімен танысып, білісіп, кездесе қалса, амандасып жағдай сұрасып жатады. Кейде үйдің кілтін көршіге сеніп тастап кете беретін кездеріміз болған. Алаң көңіл болған жерде мұндай қарым-қатынас мүмкін емес.
Ал баршамыздың игілігімізге салынған бас шаһарымызды құн­дылығымыз, қасиетті меке­німіз екенін екінің бірі сезінбеу осындайдан шығады. Алаң көңілдің орын алуы түсінікті. Бірақ бұл жауапкершілік жүгін жеңілдетпейтінін түсінгеніміз жөн.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button